Ассалямуғалейкум құрметті достар! Сынаптай жылжыған уақыт бізді байқатпай күзге де жеткізді. Жаңа маусым көктемнің шуақты күні мен жаздың самал желін қоңыр салқын мен жаңбырлы кезеңге алмастырды. Әдетте, күз дегенде ойға оралатыны бірінші осылар емес пе? Алайда алтын күздін тек өзіне ғана тән әсемдігі мен ғажабы барын да ұмытпағанымыз жөн сияқты. Күзді көктемдей сүюдін себептері жеткілікті.